«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1197 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 8-қосымшада:
реттік нөмірі 1-жолдағы 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 7) | республика чемпионаттарында (жастар мен жасөспірімдер арасында) бірінші орынға | | ЛА-дан 1 % | Республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарынан, спорт колледждерінен және жоғары спорт шеберлігі мектептерінен басқа |
»;
реттік нөмірі 2-жолдағы 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«