Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 шілдедегі № 209-VIII Заңы

Информация о документе
Датавторник, 15 июля 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 15 сентября 2025
Дата последнего изменениявторник, 15 июля 2025

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне

 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

320-бапта:

төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі төрағасының, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектілерінің Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында көзделген жағдайларда екінші деңгейдегі банктерде кондоминиум объектісін басқаруға арналған ағымдағы шотты және (немесе) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға арналған жинақ шотын ашу мерзімдерін бұзуы -

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

5. Көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі төрағасының, кондоминиум объектісін басқару субъектілерінің кондоминиум объектісін басқару бойынша ай сайынғы және жылдық есептерді ұсынудың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында көзделген мерзімдерін бұзуы -

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

алтыншы бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

мынадай мазмұндағы жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктермен толықтырылсын:

«7. Көппәтерлі тұрғын үйді салуды немесе реконструкциялауды жүзеге асыратын тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) құжаттарды тұрғын үй инспекциясына немесе пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқару нысанын немесе пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісін таңдағаннан кейін қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде қабылдау-беру актісі бойынша ұсынудың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында көзделген мерзімдерін бұзуы -

жеке тұлғаларға - бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

8. Көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі төрағасының, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісінің кондоминиум объектісін басқару нысандары немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісі ауысқан немесе кондоминиум объектісін басқару жөніндегі өз қызметін тоқтатқан кезде құжаттаманы және өзге де техникалық құралдар мен жабдықтарды қабылдау-беру актісі бойынша ұсынудың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында көзделген мерзімдерін бұзуы, сол сияқты қабылдау-беру актісіне қол қоюдан бас тартуы -

жеке тұлғаларға - елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

9. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -

жеке тұлғаларға - екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

10. Осы баптың сегізінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -

жеке тұлғаларға - бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

«Ескертпе. Осы баптың төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші және оныншы бөліктерінде көзделген құқық бұзушылықтар үшін салынған айыппұл сомасын кондоминиум объектісін басқаруға қаражатты есепке жатқызуға арналған ағымдағы шоттағы, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жинақ шотындағы ақша есебінен төлеуге болмайды.».

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

          Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2025 жылғы 15 шілде

          № 209-VIII ҚРЗ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом