«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 940 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 87-88, 631-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 6-қосымша:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:
«
| 3. | | Психоэмоциялық және дене жүктемесі үшін қосымша ақы | |
| 1) | Жұмыстың күрделілігі мен жоғары қауырттылығы үшін: | | |
| Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (паллиативтік көмек көрсету бөлімшелерін (палаталарын) қоспағанда): басқарушы персоналға; негізгі персонал қызметкерлеріне (әлеуметтік қызметкерді қоспағанда); әлеуметтік қызметкерлерге; санитарларға | | ЛА-дан 30 % ЛА-дан 35 % ЛА-дан 40 % ЛА-дан 40 % |
| Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердегі паллиативтік көмек көрсету бөлімшелерінде (палаталарында): тәрбиешілерге, барлық мамандықтағы мейіргерлерге, санитарларға | | ЛА-дан 60 % |
| Үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарындағы қызметкерлерге: басқарушы персоналға; негізгі персонал қызметкерлеріне (әлеуметтік қызметкерді қоспағанда); әлеуметтік қызметкерлерге; санитарларға | | ЛА-дан 15 % ЛА-дан 20 % ЛА-дан 35 % ЛА-дан 20 % |
»;
көрсетілген қаулыға 7-қосымшада:
реттік нөмірі 1-жол мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«