Қаржы басқарушысы қорытындыларының нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 219 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2) және 4) тармақшаларына, 24 және 43-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қаржы басқарушысының борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді жинауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша қорытындысының нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қаржы басқарушысының банкроттың міндеттемелерін тоқтатуға негіздердің бар немесе жоқ екендігі туралы қорытындысының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі | Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Қаржы министрінің
2023 жылғы 28 ақпандағы
№ 219 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Қаржы басқарушысының борышкердің қаржылық жағдайы туралы
мәліметтерді жинауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша
қорытындысы
| 20 ___ жылғы «___» ___________ (күні) | | | ______________________ (жасалған жері) |