«Қазақстан Республикасында дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 730 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 691 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасында дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 730 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35161 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларында:
2-тармақ:
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) жеке басты верификациялау - жеке тұлғаның қол саусақтарының және (немесе) алақандарының папиллярлық бедерлерінің оның дактилоскопиялық ақпаратымен сәйкес келуін тексеру арқылы жеке басты растау;»;
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) материалдық жеткізгіштер - дактилоскопиялық немесе геномдық ақпараты бар дактилоскопиялық немесе ақпараттық карталар, магниттік, электрондық немесе өзге де жазба түрлерін жеткізгіштер;»;
5, 6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ішкі істер органдарының көші-қон қызметі бөлімшелері:
1) өздерінің келісімімен Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және (немесе) паспортын алғаш алу үшін, сондай-ақ оларды қалпына келтіру не ауыстыру үшін жүгінген Қазақстан Республикасы азаматтарының;