Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 443 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2025 жылғы 16 маусымдағы
№ 443 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн
өзгерiстер
1. «Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы № 64 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру тәртібі»;
10-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы алып тасталсын;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Денсаулық сақтау ұйымдары терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды медициналық оңалтуды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 65 бұйрығымен бекітілген медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32263 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырады.».
2. «Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1404 қаулысында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: