«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 345 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 394 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 345 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14185 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың үлгілік нысаны (бұдан әрі - Үлгілік нысан) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрілігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсiн.
4. 2026 жылғы 2 қаңтардан бастап мыналар былай белгіленсін:
1) Үлгілік нысанның 2-тармағы мынадай редакцияда қолданылады:
«2. Үлескер төлемді қолма-қол ақшасыз тәртіппен, оның ішінде қолма-қол ақша енгізу арқылы Шарттың 40-тармағында көрсетілген Уәкілетті компанияның банк шотына осы Шарттың 5, 7-тармақтарына сәйкес мөлшерде және тәртіппен жүзеге асырады және заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген көппәтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін пайдалануға қабылдау актісі болған кезде үлесті қабылдайды.»;
2) Үлгілік нысанның 5-тармағы мынадай редакцияда қолданылады: