Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 68 бұйрығы
(2023.20.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2025 жылғы 8 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті (А. С. Соспанова):
1) осы бұйрықты облыс әкімдіктерінің, жүйелік оператордың және энергия беруші ұйымдардың назарына жеткізсін;
2) осы бұйрықты бекітілген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Б.М. Жақсалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
ҚР Энергетика министрінің 2020.10.02. № 47 бұйрығымен жоспар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Энергетика министрінің 2020.07.04. № 127 бұйрығымен жоспар өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Энергетика министрінің 2021.14.04. № 134 бұйрығымен жоспар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Энергетика министрінің 2022.08.06. № 204 бұйрығымен жоспар өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Энергетика министрінің 2023.20.10. № 375 бұйрығымен жоспар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 24 ақпандағы
№ 68 бұйрығымен
бекітілген
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру
жоспары
| № | Облыс, аудан | Белгіленген қуаты, МВт | ЖЭК пайдалану обьектісінің түрі |
| І-бөлім. Солтүстік аймақ |
| 1-тарау. Ақмола облысы |
| 1. | Ақмола облысы, Аршалы ауданы | 306 | Жел электр станциясы |
| 2. | Ақмола облысы, Ерейментау ауданы | 94,44 | Жел электр станциясы |
| 3. | Ақмола облысы, Целиноград ауданы | 0,75 | Жел электр станциясы |
| 4. | Ақмола облысы, Зеренді ауданы | 7 | Жел электр станциясы |