Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНД...

Информация о документе
Датачетверг, 20 июня 2019
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 20 июня 2019

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 Қаулысы

 

Осы редакция 2020 жылғы 16 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2019 жылғы 20 маусымдағы

№ 421 қаулысымен

бекітілген

 

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің

 тізбесі

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі - МӘМС) жүйесіндегі медициналық көмек - әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға ұсынылатын медициналық көмек көлемі.

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ оралмандар, егер «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында

 өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен МӘМС жүйесіндегі құқықтарды тең дәрежеде пайдаланады және міндеттерді атқарады.

Егер заңдар мен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелері МӘМС жүйесіндегі құқықтарды Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде пайдаланады және міндеттерді атқарады.

Шетелдіктердің бірге тұратын жұбайы (зайыбы) және балалары олардың отбасы мүшелері болып табылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом