Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар мәселелері бойынша үлгілік шарттардың, өтініш пен сауалнамалардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 522 бұйрығы
(2024.23.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023.05.05. № 323 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 23 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023.05.05. № 323 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 23 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартының үлгі нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін кейінгі жер пайдалану (қосалқы жалдау) шартының үлгі нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша пайдалану (жалдау) шартының үлгі нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша қайталама пайдалану (қосалқы жалдау) шартының үлгі нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың үлгі нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың үлгі нысаны;