Введите номер документа
Прайс-лист

«Бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 36/НҚ бұйрығы (2021.09.02. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 29 января 2020
Статус
Утратил силу
утратил силу с 25 сентября 2022

«Бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 36/НҚ бұйрығы

(2021.09.02. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № 309/НҚ бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі бекітілсін.

2. «Бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 57 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18334 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 21 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом