Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ҚАҒИДАЛАРЫН...

Информация о документе
Датавторник, 11 октября 2022
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 11 октября 2022

Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 24 ақпандағы № 73 бұйрығы

(2022.11.10. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 20 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022.22.09. № 379 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 9-8) тармақшасына, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 7-тармағының төртінші бөлігіне және 4-2-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Д. Оспановқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом