Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 136 бұйрығы
(2023.14.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2016.28.06. № 344 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023.27.09. № 1023 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 14 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2016.28.06. № 344 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналдарын жүргізу қағидалары;
2) бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес автожанармай құю станциясында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысаны;
3) бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мұнай өнімдерінің базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.