Введите номер документа
Прайс-лист

«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 89 бұйрығы (2025.17.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Информация о документе
Датасуббота, 30 января 2016
Статус
Действующийвведен в действие с 4 апреля 2016
Дата последнего измененияпятница, 17 октября 2025

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 89 бұйрығы

(2025.17.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2025.01.10. № 742 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 51) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөліністерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом