Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 19 ақпандағы № 483 Жарлығы

Информация о документе
Датапонедельник, 19 февраля 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 21 февраля 2024
Дата последнего измененияпонедельник, 19 февраля 2024

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережеде:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік күзет қызметі республикалық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның нақты және шартты атаулары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері, мөртабандары, белгіленген үлгідегі мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі бланкілері, өзінің рәмізі мен айырым белгілері, туы, жалауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 30.»;

16-тармақта:

1) тармақшасының отыз екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«заңды және жеке тұлғалардың күзет іс-шараларын өткізу орындарында белгіленген тәртіпті сақтауын талап ету;»;

2) тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Президентін және өзге де күзетiлетiн адамдарды байланыспен қамтамасыз етуді, президенттік байланыс жүйелерінің қауіпсіздігін, сондай-ақ олардың ақпараттан оқшау қалуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуді ұйымдастыру.

Президенттік байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимылды ұйымдастыру тәртібі Мемлекеттік күзет қызметінің және мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом