Введите номер документа
Прайс-лист

«2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 587 Қаулысы

Информация о документе
Датасреда, 16 сентября 2020
Статус
Действующийвведен в действие с 3 октября 2020
Дата последнего изменениясреда, 16 сентября 2020

«2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 587 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 21, 197-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы»;

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 2021 жылғы 1 - 30 қазан аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы өткізілсін.

2. Қоса беріліп отырған 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.»;

4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу үшін арнайы комиссия құрып, оған орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүктесін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2020 жылғы 16 қыркүйектегі

№ 587 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2019 жылғы 19 маусымдағы

№ 419 қаулысымен

бекітілген

 

 

2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі

іс-шаралар жоспары

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом