Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 613 Қаулысы
(2024.12.02. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2020 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 613 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыру
1. ҚР Үкіметінің 2024.29.01. № 45 Қаулысымен күші жойылды (2024 ж. 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2024.29.01. № 45 Қаулысымен күші жойылды (2024 ж. 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2024.29.01. № 45 Қаулысымен күші жойылды (2024 ж. 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 585-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру тәртібін айқындайды.»;
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: