«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 261 Қаулысы
(2021.22.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 119 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай кезеңінде есептіліктің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы, ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 42 Қаулысын қараңыз
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2021.22.02. № 11 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес ақша қалдықтары туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес орналастырылған салымдар туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес кері репо, репо операциялары туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес дебиторлық берешек туралы есептің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві және зиянды өтеу резерві туралы есептің нысаны;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес кредиторлық берешек туралы есептің нысаны;
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес акционерлер туралы мәліметтердің нысаны;