Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 наурыздағы № 137 Қаулысы
(2022.19.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 30 қазандағы № 915 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2016.16.06. № 353 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.27.10. № 628 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.26.03. № 142 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.10.07. № 497 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.12.07. № 501 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.13.12. № 925 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.19.08. № 581 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 14 наурыздағы
№ 137 қаулысымен
бекітілген
Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен
интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің
тізбесі
| Р/с № | Ақпараттық жүйе мен интернет-ресурс атауы | Электрондық ақпараттық ресурстар | Ақпараттық жүйе мен интернет-ресурс иесі |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | «Сот органдарының ақпараттық жүйесі» | жеке және заңды тұлғалар бойынша сот істері туралы | Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) |