Сот приставтары қару-жарағына кіретін арнаулы құралдардың тізбесін және оларды бөлу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 шілдедегі № 663 Қаулысы
Осы редакция 2019 жылғы 11 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сот приставтары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) сот приставтары қару-жарағына кіретін арнаулы құралдардың тізбесі;
2) Сот приставтары қару-жарағына кіретін арнаулы құралдарды бөлу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 2 шілдедегі
№ 663 қаулысымен
Бекітілген
Сот приставтары қару-жарағына кіретін арнаулы
құралдардың тізбесі
| Р/с № | Лауазымы | Резеңке таяқ | Қол кісен |
| 1. | Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот приставы | 1 | 1 |
| 2. | Облыстар, Астана және Алматы қалалары соттар әкімшілерінің сот приставы | 1 | 1 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 2 шілдедегі
№ 663 қаулысымен
Бекітілген
Сот приставтары қару-жарағына кіретін арнаулы
құралдарды бөлу ережесі
1. Жалпы ережелер