«Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет бағаларының прейскурантын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 143 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 4 шілдедегі № 539 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет бағаларының прейскурантын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16576 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатын және азаматтығы жоқ адамның куәлігін жеделдетілген тәртіппен беру үшін бағалар прейскурантын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатын және азаматтығы жоқ адамның куәлігін жеделдетілген тәртіппен беру үшін бағалар прейскуранты бекітілсін.»