Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «САУДА САЯСАТЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫН...

Информация о документе
Датапятница, 19 сентября 2014
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 19 сентября 2014

«Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамын құрудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 616 Қаулысы

(2014.19.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2017 жылғы 30 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының сыртқы саудасын кеңейту және Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (бұдан әрі - ДСҰ) мүшелілігінің экономикалық салдарына талдау жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.

ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 535 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Мыналар қоғам қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін:

1) осы ұйымға кіру процесінің шеңберінде қабылданатын міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіруінің экономикалық салдарына талдау жүргізу;

2) ДСҰ-ның негізгі келісімдерінің ережелерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саласындағы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу;

3) халықаралық сауда келіссөздеріне ұстанымдар мен халықаралық экономикалық келісімдердің жобаларын әзірлеу кезінде консультациялық қолдау көрсету және сыртқы нарықтарға қол жеткізуге және халықаралық сауда дауларын шешуге байланысты проблемаларды қарау;

4) Еуразия экономикалық қоғамдастығы, Біртұтас экономикалық кеңестік, ДСҰ және басқалары сияқты өңірлік бірлестіктердің шеңберінде жалпы сауда режимін құру мен көршілес елдермен және өңірлік бірлестіктер шеңберінде еркін сауда аймақтарын құру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;

5) халықаралық сауданың қазіргі заманғы жүйесі және оны реттеу қағидаттары, сауда саясатының шаралары туралы ақпарат пен ілімдерді тарату, жеке ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің негізгі персоналының кәсіби деңгейін арттыру;

6) сауда саласында зерттеулер жүргізу.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом