Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 13 ...

Информация о документе
Датачетверг, 7 марта 2019
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 7 марта 2019

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 Қаулысы

(2019.07.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 3 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Самұрық» холдингі» АҚ) мен «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамын (бұдан әрі - «Қазына» АҚ) қосу жолымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) акцияларының мемлекеттік пакеттері Қордың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесі (бұдан әрі - тізбе);

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

3. «Самұрық» холдингі» АҚ мен «Қазына» АҚ заңнамада белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде өз мүлкіне бағалау жүргізсін.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) «Самұрық» холдингі» АҚ мен «Қазына» АҚ қосу жолымен қайта ұйымдастыруды;

2) Қор Жарғысын бекітуді;

3) Қорды Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

5. «Kazakhmys PLC» және «Eurasian Natural Resources Corporation PLC» қоспағанда, тізбеде көрсетілген заңды тұлғалар заңнамада белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде Қордың орналастырылатын акцияларына берілетін акциялардың мемлекеттік пакеттеріне бағалау жүргізсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом