Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 198 Жарлығы (2023.19.01. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датачетверг, 18 февраля 2016
Статус
Действующийвведен в действие с 18 февраля 2016
Дата последнего изменениячетверг, 19 января 2023

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын құру туралы

(2023.19.01. берілген өзгерістермен)

 

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 18-бабының 7-тармағына және 38-2-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Академия) құрылсын.

2. Академияға жоғары оқу орнының ерекше мәртебесі берілсін.

3. Академия қызметінің негізгі бағыттары:

1) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру;

2) судьяларды және сот жүйесі қызметкерлерін қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру;

3) ғылыми қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен бірлесе отырып:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институтының мүлкін Академияға беруді қамтамасыз етсін;

2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2016 жылғы ақпанның 18-і.

 

№ 198

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2016 жылғы 18 ақпандағы

№ 198 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

 

1. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының саны туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 8 қаңтардағы № 3315 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 1, 1-құжат):

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом