Республикалық жастар форумын өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 5 маусымдағы № 260-НҚ бұйрығы
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 13-2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 114) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Республикалық жастар форумын өткізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Республикалық жастар форумын өткізу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 233 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10861 болып тіркелген);
2) «Республикалық жастар форумын өткізу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 233 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 5 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31667 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.