Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандарын, лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 22 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандары, лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың нысандары:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлға өтінішінің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес білім беру қызметімен айналысу үшін лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлға өтінішінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлға өтінішінің нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлға өтінішінің нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлға өтінішінің нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес лицензия нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес лицензияға қосымшаның нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес білім беру қызметімен айналысу үшін лицензияға қосымшаның нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес объектіге арналған лицензия нысаны;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес объектіге арналған лицензияға қосымшаның нысаны;