«Балық аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04 / 148 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 18 тамыздағы № 249 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Балық аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10606 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балық аулау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Балық аулау қағидалары «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-1-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке және заңды тұлғалардың балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, бақылау үшін аулауды, мелиорациялық аулауды, сондай-ақ өсімді молайту мақсатында аулауды ұйымдастыруы мен жүргізуі тәртібін айқындайды.»;
4-тармақта:
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
23) тармақша алып тасталсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Заңның 39-бабының 5-тармағына сәйкес мына жағдайларда: