Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII Кодексі

Информация о документе
Датапятница, 9 января 2026
Статус
Не введен в действиевводится в действие с 1 июля 2026, 1 января 2027, 1 июля 2028

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

КОДЕКСІ

 

Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

 

 

1-БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасы

3-бап. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары

4-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтің негізгі бағыттары

5-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі халықаралық ынтымақтастық

6-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің объектілері

7-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілері

8-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің құқықтары

9-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің міндеттері

10-бап. Сәулет, қала құрылысы туындысына авторлық құқық

2-ТАРАУ. СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕ ӨМІР СҮРУДІҢ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ЕТУДІҢ ҚОЛАЙЛЫ ОРТАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

11-бап. Елді мекендердің қолайлы ортасын қамтамасыз ету

12-бап. Табиғи, техногендік және антропогендік әсерлерден қауіпсіздікті қамтамасыз ету

13-бап. Экологиялық талаптарды қамтамасыз ету

14-бап. Жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қамтамасыз ету

15-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілерін және табиғи ландшафттарды сақтау жөніндегі талаптарды қамтамасыз ету

16-бап. Байланысты қамтамасыз ету жөніндегі талаптар

17-бап. Елді мекендерді инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз ету және олардың қолжетімділігіне жағдай жасау

18-бап. Жер учаскелерін пайдалану кезінде қала құрылысы талаптарын қамтамасыз ету

19-бап. Абаттандыру жөніндегі іс-шаралар

20-бап. Жеке және заңды тұлғалардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегі шешімдерді талқылауға қатысуы

21-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі қоғамдық бақылау нысандары

2-БӨЛІМ. СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ

22-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі лауазымды адамдар және мемлекеттік басқару органдары

23-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі құзыреті

24-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті

25-бап. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана мәслихаттарының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі құзыреті

26-бап. Облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі құзыреті

27-бап. Аудан мәслихаттарының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі құзыреті

28-бап. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі құзыреті

29-бап. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі құзыреті

30-бап. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар

31-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың бас сәулетшілері

32-бап. Сәулет-қала құрылысы кеңестері (сәулет-қала құрылысы кеңесі)

4-тарау. СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЖАЛПЫ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕ РЕТТЕУ

33-бап. Құрылыс объектілеріне қойылатын қауіпсіздік талаптары

34-бап. Сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

35-бап. Құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздік талаптары

36-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ерекше реттеу

37-бап. Ерекше реттеуге және қала құрылысын регламенттеуге жататын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің объектілері

38-бап. Экологиялық зілзала және (немесе) төтенше экологиялық жағдайлар аймақтарында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ерекше реттеу

5-тарау. СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ НОРМАЛАУ

39-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі техникалық нормалау жүйесі

40-бап. Нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесі

41-бап. Мемлекеттік нормативтік құжаттардың түрлері

42-бап. Құрылыстағы техникалық нормалау ұлттық институты

43-бап. Техникалық нормалау саласындағы бейінді техникалық комитеттердің қызметі

44-бап. Құрылыстағы баға белгілеу

45-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтары

6-тарау. СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУЫ МЕН ҚАДАҒАЛАУЫ

46-бап. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы

47-бап. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдар

48-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау

49-бап. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы

50-бап. Жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі

51-бап. Автоматтандырылған цифрлық жүйе арқылы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы

52-бап. Автоматтандырылған тізілім

53-бап. Авторлық сүйемелдеу

54-бап. Техникалық қадағалау

55-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялау

56-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аккредиттеу

57-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау

58-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттауға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

59-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару

60-бап. Ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау

7-тарау. СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІН ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ

61-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін сүйемелдеудің мемлекеттік цифрлық жүйелері

62-бап. Құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу технологиясы

3-БӨЛІМ. СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ

8-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ КАДАСТРЫ

63-бап. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының нысанасы мен мақсаты

64-бап. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры

65-бап. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мәліметтерін есепке алу және жаңартып отыру

66-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мониторингтеу

67-бап. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мәліметтерін ұсыну және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпаратын пайдалану

9-тарау. АУМАҚТАР МЕН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ДАМЫТУ МЕН ОЛАРДА ҚҰРЫЛЫС САЛУДЫ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖОСПАРЛАУ

68-бап. Қала құрылысы регламенттері

69-бап. Қала құрылысы жобаларының деңгейлері мен түрлері

70-бап. Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы

71-бап. Аумақты дамытудың өңіраралық схемалары

72-бап. Өңірді дамытудың мемлекетаралық схемалары

73-бап. Аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемалары

74-бап. Елді мекендердің аумақтары

75-бап. Елді мекендердің шекарасы (шегі)

76-бап. Елді мекендердің бас жоспарлары

77-бап. Елді мекендердің аумақтарын дамытудың салалық схемалары

78-бап. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары

79-бап. Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары

10-тарау. АУМАҚТАРДЫ АЙМАҚТАРҒА БӨЛУ

80-бап. Елді мекендердің аумақтарын аймақтарға бөлу

81-бап. Тұрғын аймақ

82-бап. Көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесі

83-бап. Қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) аймақ

84-бап. Рекреациялық аймақ

85-бап. Инженерлік және көліктік инфрақұрылымдар аймақтары

86-бап. Өнеркәсіптік (өндірістік) аймақтар

87-бап. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын аймақтар

88-бап. Арнаулы мақсаттағы аймақтар

89-бап. Режимдік аумақтардың аймақтары

90-бап. Қала маңындағы аймақтар

91-бап. Санитариялық-қорғаныш аймағы

92-бап. Резервтегі аумақтар

11-тарау. СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІН ҒЫЛЫМИ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

93-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті қамтамасыз ету

94-бап. Ғылыми-техникалық кеңес

4-БӨЛІМ. СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ЖОБАЛАУЫ

12-тарау. ЖОБАЛАУ АЛДЫНДАҒЫ ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК ІЗДЕНІСТЕР

95-бап. Жобалау алдындағы құжаттаманы әзірлеу

96-бап. Жобалау алдындағы құжаттаманы әзірлеуді қаржыландыру

97-бап. Инженерлік ізденістер

13-тарау. ЖОБАЛАУ ҚЫЗМЕТІ

98-бап. Жобалау-сметалық құжаттама

99-бап. Құрылыс жобасы

100-бап. Сəулет жобасы

101-бап. Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкі

102-бап. Жобалау ұйымдары

14-тарау. ЖОБАЛАР САРАПТАМАСЫ

103-бап. Жобалар сараптамасының түрлері

104-бап. Мемлекеттік монополияға жатқызылған жобалардың сараптамасы

105-бап. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама

106-бап. Құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының құны және оны жүргізу мерзімдері

107-бап. Қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы

108-бап. Қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасының құны мен мерзімдері

109-бап. Сараптама ұйымдары

110-бап. Жобалау саласындағы сарапшылар

111-бап. Жобалау саласындағы сараптама қызметі субъектілерінің құқықтары, міндеттері және жауаптылығы

112-бап. Жобалау саласындағы сараптама қызметі субъектілерінің тәуелсіздігі

113-бап. Сараптама ұйымдарына қойылатын талаптар

114-бап. Мемлекеттік сараптама ұйымы

115-бап. Сараптама қорытындыларын кері қайтарып алу және сараптама жұмыстарын тоқтату

5-БӨЛІМ. ҚҰРЫЛЫС ОБЪЕКТІЛЕРІН САЛУ (РЕКОНСТРУКЦИЯЛАУ), ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ КЕЙІННЕН КӘДЕГЕ ЖАРАТУ (СҮРУ)

15-тарау. ҚҰРЫЛЫС (РЕКОНСТРУКЦИЯЛАУ) ПРОЦЕСІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

116-бап. Тапсырыс берушілер және мердігерлер (бас мердігерлер)

117-бап. Тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттері

118-бап. Мердігердің (бас мердігердің) құқықтары мен міндеттері

119-бап. Мердігерді таңдау

120-бап. Құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптар

121-бап. Техникалық тапсырыс берушінің «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобаларын іске асыру кезіндегі қызметі

122-бап. Кепілдік мерзімі

123-бап. Құрылыс сапасы

124-бап. Құрылыс объектілерінің қауіпсіздігін және сапалық сипаттамаларын қамтамасыз етудегі меншік иелерінің міндеттері

125-бап. Құрылыс объектілерінің сапалық сипаттамаларын қамтамасыз етудегі пайдаланушылардың (жалдаушылардың, жалға алушылардың) міндеттері

16-тарау. СЕЙСМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДАҒЫ ЖОБАЛАУ МЕН ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

126-бап. Сейсмикалық белсенді аумақтарды сейсмикалық аймақтарға бөлу

127-бап. Сейсмикалық қауіп-қатерді бағалау

128-бап. Құрылыс объектілерін паспорттау

129-бап. Сейсмикалық қауіптілікті бағалау

17-тарау. ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

130-бап. Жеке тұрғын үй салуға қойылатын жалпы талаптар

131-бап. Жеке тұрғын үй құрылысының аумағында әлеуметтік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерін салу мен пайдалануды қаржыландыру

18-тарау. ҚҰРЫЛЫС ОБЪЕКТІЛЕРІН ПАЙДАЛАНУҒА ҚАБЫЛДАП АЛУ

132-бап. Құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдап алу және беру тәртібіне қойылатын жалпы талаптар

133-бап. Тапсырыс беруші (меншік иесі, инвестор) өз бетінше пайдалануға қабылдап алатын құрылыс объектілері

134-бап. Құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдап алудың тәртібі

135-бап. Құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актілерін жүргізу мен есепке алу тәртібі

19-тарау. ҚҰРЫЛЫС ОБЪЕКТІЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ

136-бап. Құрылыс объектілерін пайдалану жөніндегі негізгі талаптар

137-бап. Құрылыс объектісін пайдалануға жауапты тұлғаның міндеттері

138-бап. Құрылыс объектілерін пайдалануды тоқтата тұру және тоқтату

139-бап. Құрылыс объектісін авариялық және сүруге немесе реконструкциялауға жататын объект деп тану

140-бап. Реновациялау

20-тарау. ҚҰРЫЛЫСЫ НЕМЕСЕ РЕКОНСТРУКЦИЯЛАНУЫ ТОЛЫҚ НЕМЕСЕ ІШІНАРА БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБІНЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛМАҒАН ОБЪЕКТІЛЕРДІ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛМАҒАН ОБЪЕКТІЛЕРГЕ ЖАТҚЫЗУ

141-бап. Құрылысы, реконструкциялануы толық немесе ішінара бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын құрылысы аяқталмаған объектілерді құрылысы аяқталмаған объектілерге жатқызудың негіздері

142-бап. Құрылысы аяқталмаған объектілердің тізілімі

21-тарау. ҚҰРЫЛЫС ОБЪЕКТІЛЕРІН КЕЙІННЕН КӘДЕГЕ ЖАРАТУ (СҮРУ)

143-бап. Құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату (сүру) туралы жалпы ережелер

144-бап. Құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жаратуды (сүруді) жүзеге асыру

145-бап. Рұқсат алмай салынған құрылыстар объектісін сүру немесе оларды белгіленген талаптарға сәйкес келтіру ерекшеліктері

6-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

22-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ

146-бап. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасын бұзғаны үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің жауаптылығы

23-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

147-бап. Өтпелі ережелер

148-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі

 

 

 

Осы Кодекс Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға, адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

 

 

1-БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) авариялық құрылыс объектісі - адамдардың құрылыс объектісінде қауіпсіз болуын қамтамасыз етудің мүмкін болмауына байланысты құрылыс объектісінің одан әрі пайдаланылуы дереу тоқтатылуға тиіс жай-күйі;

2) авторлық сүйемелдеу - құрылыс жобасы авторының (авторларының) құрылыс сатысын сүйемелдеуді жүзеге асыруы, оның ішінде оған өзгерістер енгізу жөніндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі инжинирингтік көрсетілетін қызмет;

3) адам өмір сүретін және тіршілік ететін орта - адам тұратын және тіршілік ететін орта. Адам өмір сүретін және тіршілік ететін орта мыналарды қамтиды:

қоршаған орта - табиғи орта мен антропогендік ортаны қамтитын, адамның айналасындағы жағдайлардың, материалдық әлем заттары мен объектілерінің жиынтығы;

сәулеттік-ландшафттық орта - адам шаруашылық қызметті және басқа да функцияларды жүзеге асыратын, табиғи жағдайлар мен сәулеттік нысандар ұштастырылған кеңістік. Әдетте, бұл адамның өмір сүру жағдайлары мен психикалық-физикалық жай-күйін айқындайтын, елді мекендер шегіндегі және олардың шегінен тысқары орта;

қолжетімді (кедергісіз) орта - орынға кедергісіз жетуге және көрсетілетін қызметті пайдалануға мүмкіндік беретін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін параметрлері бар құрылыс объектісінің, қызмет көрсету орнының қасиеті;

ішкі орта - тұрғын үй-жайлардағы өмір сүру жағдайларының және жұмыс (өндіріс) үй-жайларындағы еңбек жағдайларының кешені, ол әлеуметтік, эстетикалық, биологиялық, психологиялық және физикалық-химиялық факторларды, оның ішінде табиғи радиацияны, сыртқы шуды, биотикалық төңіректі, ауаның ластануын, ылғалдылығын, құрамы мен ауысуын, иістерді, жану өнімдерін, табиғи және жасанды жарықты, судың тазалығын және басқаларды қамтиды;

4) атқарушылық геодезиялық түсірілім - ғимараттардың, құрылысжайлардың, инженерлік коммуникациялардың жер учаскесінде нақты орналасуының дәл координаттар мен биіктіктер жүйелеріне байланыстырылған схемасы;

5) аумақтарды аймақтарға бөлу - қала құрылысына жоспарлау кезінде жекелеген аймақтарды қала құрылысына пайдалану түрлерін және оларды пайдалану бойынша ықтимал шектеулерді белгілей отырып, аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлу;

6) аумақтық-көліктік жоспарлау - қаладағы мобильділіктің орнықты түрлеріне және кедергісіз орта қалыптастыруға басымдық бере отырып, сондай-ақ аумақты жедел жабдықтауды және қатынас жолдарын техникалық қамтуды ескере отырып, аумақтың көліктік жүйесін дамытуды жоспарлау, ол көліктің барлық түрінің инфрақұрылымын орналастыруды және көліктің маршруттық желісін салуды жоспарлауды да қамтиды;

7) бастапқы материалдар - жобалау құжаттамасын әзірлеу үшін қажетті материалдар;

8) бірегей құрылыс объектісі - құрылыс объектісі үшін арнаулы техникалық шарттарды (ерекше нормаларды) әзірлеу, келісу және бекіту қажеттілігін айқындайтын, жобалау және салу жөніндегі мемлекеттік нормативтік құжаттар немесе мемлекетаралық нормативтер (мемлекетаралық нормативтік құжаттар) белгіленбеген, ерекше, бұрын жеке-жеке немесе жиынтық түрінде қолданылмаған сәулет, көлемдік-жоспарлау, конструкциялық, инженерлік немесе технологиялық шешімдермен сипатталатын құрылыс объектісі және оның кешендері;

9) ғимарат - функционалдық мақсатына қарай адамдардың тұруы немесе онда болуы, өндірістік процестерді орындау, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыру және сақтау үшін пайдаланылатын, міндетті түрде жер бетіндегі тұйық көлемді құрайтын тіреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылыс. Ғимараттың жерасты бөлігі болуы мүмкін;

10) ғимараттардың және құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау - нәтижесінде ғимараттар мен құрылысжайлардың және олардың элементтерінің нақты жай-күйі, сенімділігі және орнықтылығы, одан әрі пайдалану мүмкіндігі, құрылыс объектісін күрделі жөндеу, жаңғырту немесе реконструкциялау жұмыстарының құрамы мен көлемін, сондай-ақ нысаналы мақсатының өзгеруін анықтау үшін, уақыт аралығында болатын өзгерістер ескеріле отырып, конструкциялар сапасының нақты көрсеткіштерінің сандық бағалауын алу айқындалатын сараптама жұмыстарының түрі;

11) дизайн-код - елді мекендердің үйлесімді және стилистикалық бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастыруға бағытталған, оның ішінде абаттандыру элементтерін, ақпараттық және жарнамалық конструкцияларды, шағын сәулет нысандарын, стационарлық емес объектілерді, сауда қызметі және (немесе) қоғамдық тамақтандыру үшін пайдаланылатын стационарлық емес сауда объектілерін орналастыруға, көгалдандыруға, жарықтандыруға, қасбеттерге, қоршауларға қатысты, құрылыс салынатын ауданның ерекшеліктері ескерілетін талаптар мен қағидалардың жиынтығы;

12) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы - елді мекендер аумақтарының жекелеген бөліктері мен функционалдық аймақтары, сондай-ақ елді мекендердің шегінен тысқары орналасқан аумақтар үшін әзірленетін қала құрылысы жобасы;

13) елді мекен аумағы - қалалық немесе ауылдық елді мекеннің белгіленген шекарасы (шегі) шегіндегі кеңістік;

14) елді мекеннің бас жоспары - қала құрылысы регламенттері ескеріле отырып, елді мекенді аймақтарға бөлуді, оның жоспарлы құрылымын және аумағын функционалдық ұйымдастыруды, көліктік және инженерлік коммуникациялар, көгалдандыру мен абаттандыру жүйесін белгілейтін, қаланы, кентті, ауылды дамытуды және оларда құрылыс салуды кешенді жоспарлаудың қала құрылысы жобасы;

15) елді мекеннің (елді мекеннің құрамдас бөліктерінің) сәулеттік келбеті - құрылыс объектілерінің, құрылыс салудың, абаттандырудың және қоршаған ортаның барлық элементтерінің орналасуы тұтас эстетикалық сәулетті, жайлы, қолжетімді және қауіпсіз ортаны қалыптастыруға бағытталған аумақтың кеңістіктік-композициялық шешімі;

16) ерекше реттеу және қала құрылысын регламенттеу объектілері - аумақтарды, елді мекеннің, жекелеген құрылыс объектісінің аумағын пайдаланудың жалпыға бірдей қабылданған қағидаларына (тәртібіне) ерекшеліктер белгіленбей не толықтырулар енгізілмей іске асырылуы қиын болатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің объектілері;

17) ескірген құрылыс объектісі - құрылыс объектісінің конструкциясы, негізі физикалық тозу салдарынан берілген пайдалану талаптарына сай келмейтін жай-күйі;

18) жалпы сейсмикалық аймақтарға бөлу карталары - болжалды бағалары топырақтың жоғары үдеулерінде және сейсмикалық қарқындылық шәкілі бойынша балдармен берілген, ықтимал сейсмикалық қауіптілігі әртүрлі аймақтар бөліп көрсетілген, елдің бүкіл аумағы үшін салыстырмалы түрде ұсақ масштабта жасалған карталар;

19) жеке тұрғын үй - жеке (отбасымен) тұруға арналған, мансарды мен ірге қабатын қоса алғанда биіктігі үш қабаттан аспайтын, шаруашылық және басқа да құрылыстармен және жасыл екпелермен бірге жеке тұлғаның меншігіндегі бөлек тұрған ғимарат;

20) жеке тұрғын үй құрылысы - адамдардың белгіленген тәртіппен өздеріне бекітіліп берілген жер учаскесінде өз күшімен немесе мердігерлік тәсілмен жеке тұрғын үйлер салуы;

21) жеке тұрғын үй құрылысын салу аумағы - әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени-ағартушылық мақсаттағы объектілермен, сондай-ақ инженерлік және көліктік инфрақұрылымдармен бірге жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын елді мекен аумағының бір бөлігі;

22) жобалардың мемлекетаралық сараптамасы - құрылыс туралы халықаралық шартқа екі және одан көп қатысушы мемлекет үшін қызығушылық туғызатын жобалар сараптамасының міндетті нысаны;

23) жобалар сараптамасы - жобалау шешімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жобалауға арналған бастапқы материалдар мен рұқсат беру құжаттарының шарттарына сәйкестігін (сәйкессіздігін), сондай-ақ жобалау шешімдері мен есеп-қисаптарда қала құрылысы регламенттері мен техникалық регламенттер талаптарының, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттардың нормалары мен ережелерінің сақталуын анықтау арқылы құрылыс жобаларына, қала құрылысы жобаларына талдау және олардың сапасын бағалауды жүргізуді білдіретін сараптама қызметі;

24) жобалау алдындағы құжаттама - жобалау құжаттамасын әзірлеу алдындағы және бағдарламаларды, есептерді, негіздемелерді, техникалық-экономикалық есеп-қисаптарды, ғылыми зерттеулер мен инженерлік ізденістер нәтижелерін, технологиялық және конструктивтік есеп-қисаптарды, эскиздерді, сызбаларды, макеттерді, өлшеулерді және объектілерді зерттеп-қарау нәтижелерін, сондай-ақ өзге де бастапқы материалдарды және жобалау құжаттамасын әзірлеу туралы шешімдер қабылдау және құрылыс жобаларын кейіннен іске асыру үшін қажетті материалдарды қамтитын құжаттама;

25) жобалау құжаттамасы - жобалау барысында жасалатын мәтіндік және графикалық құжаттар жиынтығы, ол мыналарды қамтиды:

абаттандыру және көгалдандыру жобалары. Абаттандыру және көгалдандыру жобалары құрылыс жобасының құрамында болуы мүмкін;

қала құрылысы жобалары - аумақтар мен елді мекендерді немесе олардың бөліктерін ұйымдастыруды, дамытуды және оларда құрылыс салуды кешенді қала құрылысына жоспарлау шешімдерін қамтитын жобалар (Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы, аумақты дамытудың өңіраралық схемалары, аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемалары, елді мекендердің бас жоспарлары (елді мекендерді дамыту және оларда құрылыс салу схемалары), егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары);

құрылыс жобасы - осы Кодекстің тиісті талаптарын, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру және жүргізу, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру үшін сметалық есеп-қисаптарды қамтитын жобалау-сметалық құжаттама. Құрылыс жобаларына құрылыс объектілерін консервациялау және кейіннен кәдеге жарату жобалары да жатады;

сәулет жобасы - жобалауына сәулетшінің қатысуы қажет болатын құрылыс объектісін (монументті) тұрғызу жобасы;

26) жобалау қызметі (жобалау) - жобалау құжаттамасын жасау жөніндегі өзара байланысты жұмыстар кешенін жүзеге асыруды білдіретін қызмет;

27) жобалау саласындағы сараптама қызметінің субъектілері - мемлекеттік сараптама ұйымы, сараптама ұйымдары, сондай-ақ олардың жұмыскерлері болып табылатын не осы ұйымдар штаттан тыс сарапшылар ретінде уақытша жұмысқа тартқан сарапшылар;

28) жобалау саласындағы сарапшы - сараптама жұмыстарын жүзеге асыру үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен сертификатталған және мемлекеттік сараптама ұйымының немесе сараптама ұйымдарының бірінің штатындағы жеке тұлға;

Документ не введен в действие

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом