Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 286 бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 10 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 343 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу ережесінің 17-тармағына сәйкес, сондай-ақ «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3)тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Заңнама департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оны мемлекеттік тіркеген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 25 мамырдағы
№ 286 бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің
эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі
нұсқаулық
1. Жалпы ережелер