Введите номер документа
Прайс-лист

«Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы мен «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 766 Қаулысы

Информация о документе
Датапятница, 16 ноября 2018
Статус
Действующийвведен в действие с 16 ноября 2018
Дата последнего измененияпятница, 16 ноября 2018

«Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы мен «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 766 Қаулысы

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасынасәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы оған «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы қызметінің түрлері:

1) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсарту;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетші банкіне республикалық бюджеттің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражатынан берілген кредиттерді қайтару жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

3) бұрын республикалық бюджеттің қаражаты есебінен берілген кредиттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері жөніндегі міндеттемелерді орындауға бағытталған қаражат бойынша берешекті республикалық бюджетке өндіріп алу;

4) мемлекет кепiлдiк берген қарыздарға және мемлекеттік қарыздарға қызмет көрсету;

5) дебиторлық берешекті өндіріп алу;

6) оңалту рәсімдерінде қатысу;

7) салық төлеуші (салық агенті) және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің иелігіндегі шектелген мүлікті және (немесе) мемлекеттік кірістер органдары ұстаған тауарларды сату болып айқындалсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом