Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандарын, лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығы
(2016.22.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.22.11. № 478 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандары, лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың нысандары:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлға өтiнiшінің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлға өтiнiшінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 2-1-қосымшаға сәйкес білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлға өтінішінің нысаны;
4) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлға өтiнiшінің нысаны;
5) осы бұйрыққа 3-1-қосымшаға сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға арналған лицензияны алуға арналған өтініштің нысаны;
6) осы бұйрыққа 3-2-қосымшаға сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнімді импорттауға арналған лицензияны алуға арналған өтініштің нысаны;
7) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлға өтiнiшінің нысаны;