Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 және «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 қыркүйектегі № 660 Қаулысы
(2019.31.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 336 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2019.31.12. № 1060 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігінде:
қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
1 - 3-қосымшалар. ҚР Үкіметінің 2019.31.12. № 1060 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 660 қаулысына
4-қосымша
Басым жобаларға кредит беру тетігіне
қосымша
Басым жобаларға кредит беру үшін тауарлар
тізбесі
| № | Тауарлар тобының атауы | № | Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы | Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші | Шығарылатын өнімдер мен тауарлардың тізбесі |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| I. АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫ |
| 1 | Еттен және құс етінен жасалған өнімдер | 1. | Етті өңдеу және консервілеу | 1011 | Ұша/шағын ұша түрінде жас немесе тоңазытылған етті өндірісі Тағамдық субөнімдер |