Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КОНСУЛЬ...

Информация о документе
Датачетверг, 11 апреля 2019
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 11 апреля 2019

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 57-ө өкімі

 

Осы редакция 2020 жылғы 15 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1. «Мемлекеттік органдардың мемлекеттік функцияларын бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 9-ө өкімінде:

көрсетілген өкіммен бекітілген Мемлекеттік органдардың мемлекеттік функцияларын бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін комиссияның құрамында:

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға»;

«Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі»;

«Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі»;

«Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі»;

«Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі» деген жол алып тасталсын;

көрсетілген өкіммен бекітілген Мемлекеттік органдардың мемлекеттік функцияларын бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия туралы ережеде:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі.».

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом