«Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларын және оны есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 84 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 5 қазандағы № 419 бұйрығы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 416-НҚ бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларын және оны есептеу әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18617 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 84 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-3-бабының 13-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қағидалар «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 4-3-бабының 13-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін есептеу әдістемесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: