Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) есептілікті және өзге ақпаратты ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 тамыздағы № 74 Қаулысы
(2025.06.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025.15.09. № 58 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 6 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы» және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025.15.09. № 58 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 6 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) есептілікті және өзге де ақпаратты ұсыну қағидалары бекітілсін.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025.15.09. № 58 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 6 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) ұсынатын есептер мен қосымша ақпараттың мынадай нысандары бекітілсін:
1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес банк активтерінің жай-күйі туралы есеп нысаны;
2) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерінің жай-күйі туралы есеп нысаны;
3) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес банк міндеттемелерінің жай-күйі туралы есеп нысаны;
4) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы міндеттемелерінің жай-күйі туралы есеп нысаны;