Введите номер документа
Прайс-лист

«Сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 Қаулысы (2023.01.01. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапятница, 11 сентября 2020
Статус
Действующийвведен в действие с 18 сентября 2020
Дата последнего изменениявоскресенье, 1 января 2023

Сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 Қаулысы

(2023.01.01. берілген өзгерістермен)

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 16) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарында сайланатын депутаттардың саны осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2. Қалалық мәслихаттарда сайланатын депутаттардың саны осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес айқындалсын.

3. Аудандық мәслихаттарда сайланатын депутаттардың саны осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес айқындалсын.

4. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

5. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының сайлау процесін ұйымдастыру бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

Төрағасы

 

Б. Имашев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2022.27.12. № 132/627 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

2020 жылғы 11 қыркүйектегі

№ 21/323 қаулысына 1-қосымша

 

 

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарында сайланатын депутаттардың саны

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом