ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы
Осы редакция 2025 жылғы 14 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар қайта ұйымдастырылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Абай облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Жетісу облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Алматы облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
3) «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Ұлытау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Қарағанды облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін: