Введите номер документа
Прайс-лист

«Сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 3-3/997 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 152 бұйрығы

Информация о документе
Датапонедельник, 4 мая 2020
Статус
Действующийвведен в действие с 24 мая 2020
Дата последнего измененияпонедельник, 4 мая 2020

 «Сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 3-3/997 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 152 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 3-3/997 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12386 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Патентке қабілеттілікке сараптама жүргізуге және сынақтан өткізуге арналған өтінімді қарау қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Патентке қабілеттілікке сараптама жүргізуге және сынақтан өткізуге арналған өтінімді қарау қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарау туралы қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Ауыл шаруашылығы министрі

 

С. Омаров

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Әділет министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2020 жылғы 4 мамырдағы

№ 152 бұйрығына қосымша

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом