Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 815 Қаулысы

Информация о документе
Датавторник, 19 сентября 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 19 сентября 2023
Дата последнего изменениявторник, 19 сентября 2023

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 815 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Конвенция депозитарийі - Нидерланды Корольдігінің Сыртқы істер министрлігін апостиль қою өкілеттіктері берілген мемлекеттік органдарды тағайындаудағы өзгерістер туралы хабардар етсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы

Yкiметiнiң

2023 жылғы 19 қыркүйектегі

№ 815 қаулысымен

бекітiлген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтырулар

 

1. «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Апостиль қою бойынша өкілеттіктерге ие ұйымдар ретінде мына мемлекеттік органдар айқындалсын:

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі - әділет, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға;

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға;

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі - бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом