Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІНІҢ 2014.22.11 № 1...

Информация о документе
Датачетверг, 1 октября 2015
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 1 октября 2015

Осы редакция 2016 жылғы 19 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрінің

2014 жылғы 22 қарашадағы

№ 106 бұйрығымен бекітілген

3-қосымша

 

 

Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды оқу-жаттығу жиыны үдерісінде даярлауда жүзеге асырылатын

Олимпиада резервін даярлау орталығының қызметін ұйымдастыру

қағидаcы
(2015.01.10. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Олимпиада резервін даярлау орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаcы (бұдан әрі - Қағида) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органда (бұдан әрі - Уәкілетті орган) құрылатын Олимпиада резервін даярлау орталықтарының (бұдан әрі - Орталық) қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

2. Орталық заңды тұлға болып табылады және өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, мемлекеттік мүлікі, дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органдардың бұйрықтарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сонымен қатар осы Қағиданы және Орталық жарғысын басшылыққа алады.

3. Орталық облыстық және қалалық мәртебеге ие болады.

4. Орталық бір немесе бірнеше олимпиадалық спорт түрлерінен құрылады.

5. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:

1) спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспары - Орталықтың күнтізбелік жылға арналған оқу-жаттығу жұмысын жоспарлауды және өткізуді регламенттейтін ресми құжат;

2) оқу-жаттығу жиыны - спортшылардың спорттық шеберлігін және оқу-жаттығу үдерісінің сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылатын іс-шара;

3) ауыспалы құрам - Орталық құрамына қабылданған, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар кезінде тартылатын спортшылар құрамы;

4) спорт түрi - спорттың құрамдас бөлігі, оның ерекше белгілері жаттығатын ортасы, дене жаттығуларының жиынтығы немесе зияткерлік қабілеті мен жарыс ережелері болып табылады;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом