Введите номер документа
Прайс-лист

«Конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 380/НҚ бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 12 октября 2020
Статус
Утратил силу
утратил силу с 7 марта 2022

Конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 380/НҚ бұйрығы

 

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 60/НҚ бұйрығымен күші жойылды

 

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-1-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. «Конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1165 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12966 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Инновациялық экожүйе және ғылыми-техникалық даму департаменті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом