Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 ақпандағы № 125 Қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапонедельник, 15 февраля 1999
Статус
Действующийвведен в действие с 15 февраля 1999
Дата последнего измененияпятница, 27 сентября 2013

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 ақпандағы № 125 Қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері» туралы 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1335 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Әлеуметтік қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін мына мемлекеттік мекемелер республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар (бұдан әрі - РМҚК) етіп қайта құрылу жолымен:

1) Соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған «Ардагер» республикалық пансионаты «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған «Ардагер» республикалық пансионаты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

2) Орталық протездеу экспериментальдік лабораториясы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Орталық протездеу экспериментальдік лабораториясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

3) Ақпараттық-талдау орталығы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

4) Кадрлардың біліктілігін арттыру курсы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кадрлардың біліктілігін арттыру курсы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

5) Республикалық есту қабілетін түзету орталығы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Республикалық есту қабілетін түзету орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

6) Алматы медициналық стационары «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Алматы медициналық стационары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

7) Семей медициналық стационары «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Семей медициналық стационары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

8) Петропавл медициналық стационары «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Петропавл медициналық стационары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы, сондай-ақ республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көрсетілген республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың жарғыларын әзірлесін және бекітсін, оларды заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын және басқа да қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларын жүргізсін.

4. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом