Введите номер документа
Прайс-лист

Каспий теңізінде көмір-сутегі шикізатын өндіруді жолға қою және дамыту туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 13 ақпан 1993 ж. № 97 (күші жойылды)

Информация о документе
Датасуббота, 13 февраля 1993
Статус
Утратил силу
утратил силу с 15 мая 2008

Каспий теңiзiнде көмiр-сутегi шикiзатын өндiрудi жолға қою және
дамыту туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
қаулысы 13 ақпан 1993 ж. № 97

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы № 406 Қаулысымен күші жойылды

 

Каспий теңiзiнiң Қазақстан Республикасының Атырау мен Маңғыстау облыстарындағы жағалаулары мен суы тайыз секторында көмiр-сутегi шикiзатын бағалауды жеделдету және оны барлау мен өндiру тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Каспий теңiзiнiң қазақстандық бөлiгіндегі көмiр-сутегi шикiзатын геологиялық-геофизикалық зерттеу, барлау және өндiру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруды үйлестiруге жауапты орган ретiнде Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлігі белгiленсiн. Зерттеу жұмыстары Геология және жер қойнауын қорғау министрлігімен бiрлесiп үйлестiрiледi.

Энергетика және отын ресурстары министрлігінiң осы мақсатта арнаулы "Қазақстанкаспийшельф" мемлекеттік компаниясын құрып, тиiстi халықаралық консорциум ұйымдастыру жөніндегі ұсынысы қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау министрлігімен, Ұлттық ғылым академиясымен бiрге Солтүстiк Каспийдiң қорықтық аймағының жағалау аудандарда жұмыс жүргiзудiң айрықша экологиялық шарттарын ескерiп, шельфтегi кен көздерiн бағалау мен дамыту жөніндегі жұмыстардың бағдарламасын әзiрлеп, белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қарауына енгiзсiн.

3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Каспий теңiзi аумағында мұнай-газ кен орындарын геологиялық-геофизикалық зерттеу және игеру бағдарламасын жүзеге асыру үшiн орталықтандырылған қаржы (оның iшiнде валюта қаржысы) бөлiнуiн көздейтiн болсын.

4.

     ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.07.03.
              № 1050а қаулысымен. 

5. Маңғыстау және Атырау облыстарының әкiмдерi "Қазақстанкаспийшельф" мемлекеттік компаниясына қызметтiк және өндiрiстiк үй-жайлар, мамандарға тұрғын үйлер, өндiрiстiк база мен тұрғын үйлер салуға жер бөлуде, байланыс құралдарымен қамтамасыз етуде және әлеуметтiк мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуде көмектесiп отырсын.

6. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлігі "Қазақстанкаспийшельф" мемлекеттік компаниясының жұмыс iстеуiне жағдай жасау мақсатында тиiстi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп нысаналы мақсатпен қызметтiк автокөлiк, байланыс құралдарын, қажеттi материалдық-қаржылық ресурстар бөлу мәселесiн шешетiн болсын.

7. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі республиканың басқа да министрлiктерiмен және ведомстволарымен бiрлесе отырып Каспий теңiзi аумағы бойынша теңiз шекарасын белгiлеу жөнiнде Каспий теңiзiне iргелес мемлекеттермен келiссөз жүргiзсiн және оны тиiстi келісіммен баянды етсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом