Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы № 1127 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 мамырдағы № 669 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 31 мая 1999
Статус
Утратил силу
утратил силу с 25 марта 2006

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы
№ 1127 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 мамырдағы
№ 669 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2006.15.03 № 168 қаулысымен күші жойылды

 

"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төлеудiң тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы № 1127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 28, 337-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

аталған қаулымен бекітілген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төлеудің тәртібі туралы ережеде:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Лицензиялық алымның мөлшерiн Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдары мен Табиғи монополияларды реттеу және бәсекенi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi және ол лицензияларды ресiмдеу мен беру кезiнде, сондай-ақ лицензиялық тәртiптiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру кезiнде лицензиарлардың шеккен шығындарына сүйене отырып айқындалады";

4-тармақ алынып тасталсын;

2. Орталық және жергілiктi атқарушы органдар бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом