Введите номер документа
Прайс-лист

Мемлекеттік органдарда мемлекеттік Кәсіпорындар мен ұйымдардың ортақ жіктегішін енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 26 шілде № 1130

Информация о документе
Датасреда, 26 июля 2000
Статус
Действующийвведен в действие с 26 июля 2000
Дата последнего изменениясреда, 26 июля 2000

Мемлекеттік органдарда мемлекеттік Кәсіпорындар мен ұйымдардың
ортақ жіктегішін енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысы 2000 жылғы 26 шілде № 1130

Мемлекеттік органдарды стандарттаудың, олардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру және заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер туралы ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және Мемлекеттік кіріс министрлігі 2000 жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің 1999 жылғы 5 шілдедегі № 10 қаулысымен бекітілген мемлекеттік Кәсіпорындар мен ұйымдардың ортақ жіктегішін (КҰОЖ) тиісінше Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеліміне, Филиалдар мен өкілдіктердің тізіліміне және Салық төлеушілердің мемлекеттік тізіліміне енгізсін.

2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, ведомстволары, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдары (келісім бойынша) заңды тұлғалар бойынша дерекқор құрған және жүргізген жағдайда мемлекеттік Кәсіпорындар мен ұйымдардың ортақ жіктегішін (КҰОЖ) қолданатын болсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
 
 
              
                   
                       
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом