Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының «Ақмола қаласындағы мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 сәуірдегі № 527 Қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датачетверг, 19 апреля 2001
Статус
Действующийвведен в действие с 19 апреля 2001
Дата последнего измененияпятница, 27 сентября 2013

Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының «Ақмола қаласындағы мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 сәуірдегі № 527 Қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының «Ақмола қаласындағы мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны ірілендіру және қайта атау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының «Ақмола қаласындағы мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) етіп қайта атау туралы Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының ұсынысына келісім берілсін.

2. Кәсіпорынға «Алматы қаласындағы мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнын құруға рұқсат берілсін.

3. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы:

1) Кәсіпорын Жарғысына тиісті өзгерістерді енгізсін және оның әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом