Введите номер документа
Прайс-лист

«Астана қаласы кәсіпорындарына 2001 жылға суды пайдаланудың лимитін белгілеу туралы» Астана қаласы әкімінің 2001 жылғы 15 наурыздағы № 3-1-90ө өкімі

Информация о документе
Датачетверг, 15 марта 2001
Статус
Действующийвведен в действие с 15 марта 2001
Дата последнего изменениячетверг, 15 марта 2001

«Астана қаласы кәсiпорындарына 2001 жылға суды
пайдаланудың лимитiнбелгiлеу туралы»
Астана қаласы әкімінің 2001 жылғы15 наурыздағы № 3-1-90ө өкімі

 

«Астана су арнасы» МК-ның 2001 жылы суды пайдалану жөніндегі есептерiн қарап, (кәсiпорындардың өтiнiмдерiне сәйкес) қала әкімі ШЕШТI:

1. Астана қаласының кәсiпорындары үшiн 2001 жылға суды пайдалану лимитi белгiленсiн.

2. "Астана су арнасы" МК жыл iшiнде суды тұтыну көлемiнiң шегіндегі айларға бөлiп шығыстар лимитiн реттеп отырсын.

3. Салық комитетi (Е.К.Iлиясов), "Астана су арнасы" МК (Ж.Е.Нүркенов) кәсiпорындар мен басқа да тұтынушылардың суды пайдалану лимитiн сақтап есебiнiң дұрыс жүргiзiлуiне қатаң бақылау жасасын.

4. Су ресурстары комитетiнiң Есіл бассейндi су шаруашылығы басқармасы (Т.Қ.Әшенов), мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Ж.М.Бекшин), қоршаған ортаны қорғау басқармасы (Е.Ә.Мейрамов), қалалық iшкi iстер басқармасы (А.Қ.Жалмухамбетов) кәсiпорындар мен қала тұрғындарын судың ысырап болуына жол бермей, ондай жайлар орын алса өтiмдi шаралар қолдансын.

5. Алматы, Сарыарқа аудандарының әкiмдерi А.А.Шәкiров, Н.П.Тихонюк:

- қала тұрғындарымен суды тиiмдi пайдаланудың аса қажеттiлiгi жөнiнде кварталдық комитеттер мен тұрғын үйге қызмет көрсететiн ұйымдар арқылы (ПМК, ОК, ЖШС, т.б.) тиiсті жұмыс жүргізсін;

- Бау-бақша, саяжайлар, үй жанындағы учаскелерде өсiмдiктердi суару түнгi уақыт сағат 20.00-дан 5.00-ке дейiн жүргiзiлуiн қамтамасыз етсiн.

6. "Астана су арнасы" МК-на (Ж.Е. Нүркенов) қала әкімінің аппаратына осы өкімнің орындалу барысы жөнінде тоқсан сайын ақпарат беріп отыру міндеттелсін.

7. Осы өкімнің орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары С.С Есіловке жүктелсін.

Астана қаласының әкімі

А. Джақсыбеков

 

Келісілді:

Астана қаласы салық комитеті

төрағасының міндетін атқарушы

 

"Астана су арнасы" МК-ның бастығы;

 

Астана қаласы қоршаған ортаны қорғау

басқармасының бастығы;

 

Есіл бассейнді су шаруашылығы басқармасының

бастығы;

 

Астана қаласы ішкі істер басқармасының

бастығы;

 

мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом