Введите номер документа
Прайс-лист

Тараз қаласы «Химпром» ашық акционерлік қоғамының өндірістік қуатын дамыту жөніндегі қосымша шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қыркүйектегі № 1242 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 26 сентября 2001
Статус
Утратил силу
утратил силу с 30 апреля 2008

Тараз қаласы «Химпром» ашық акционерлік қоғамының өндірістік
қуатын дамыту жөніндегі қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қыркүйектегі № 1242 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды

 

Тараз қаласының «Химпром» ашық акционерлік қоғамы өндірісінің шығынсыздығына, ресурстарының тиімділігіне әрі пайдаланылуына, өнімін өткізу рыногын кеңейтуіне қол жеткізу, сондай-ақ фосфор қосалқы саласын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Конкурстық басқарушы мен инвестор «Alsotrans International Group AG» компаниясының арасындағы шартпен Тараз қаласы «Химпром» ашық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «Химпром» ААҚ) мүлкін сенімді басқаруға алған "Химпром-2030" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - "Химпром-2030" ЖШС) бірінші және екінші кезектегі несиегерлер алдында қабылдаған міндеттемелері, сондай-ақ олардың құқықтық сабақтастығы назарға алынсын.

2. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі "Қазфосфат" ЖШС өндірістері үшін белгіленгеннен аспайтын баға мен тарифтер бойынша фосфорит кенін және темір жол жылжымалы құрамын "Химпром-2030" ЖШС өндірістік бағдарламасына үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі мүдделі министрліктермен, "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен және "KEGOC" ашық акционерлік қоғамымен (бұдан әрі - "KEGOC" ААҚ) бірлесе отырып, белгіленген тәртіппен:

1) "Химпром-2030" ЖШС-ның темір жол көлігімен жүктер тасымалдау тарифтеріне - 50%-ға;

2) "KEGOC" ААҚ желілері бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызмет көрсету тарифтеріне 50%-ға төмендетілген коэффициент белгілеу мүмкіндігін қарастырсын.

4. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен "Химпром" ААҚ-тың қажетті лицензиялары мен рұқсат құжаттамасын "Химпром-2030" ЖШС-ке қайта ресімдеуді қамтамасыз етсін.

5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мәніне "Химпром-2030" ЖШС-тің инвестициялық жобасын қарасын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары В.С. Школьникке жүктелсін.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

бірінші орынбасары

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом