Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің «Есіл су» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 шілдедегі № 1001 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датавторник, 24 июля 2001
Статус
Действующийвведен в действие с 24 июля 2001
Дата последнего измененияпятница, 27 сентября 2013

Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің «Есіл
су» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 шілдедегі № 1001 қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының халқын ауыз сумен жабдықтауды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің «Есіл су» шаруашылық жүргізу құқығында республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін.

3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні сумен жабдықтау саласындағы шаруашылық қызметін жүргізу болып белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Кәсіпорынның Жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі В.С.Школьникке жүктелсін.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом