Введите номер документа
Прайс-лист

Қуғын-сүргін кезеңінде бұрынғы Кеңес Одағының түрлі аймақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына күштеп көшірілген Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен азаматтық хал актілеріндегі ұлты туралы жазбаны өзгерту тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 ж. 12 қаңтардағы № 31 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 12 января 1993
Статус
Утратил силу

Қуғын-сүргiн кезеңiнде бұрынғы Кеңес Одағының түрлi аймақтарынан
Қазақстан Республикасының аумағына күштеп көшiрiлген Қазақстан
Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен азаматтық хал актілеріндегi
ұлты туралы жазбаны өзгерту тәртібі туралы Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің 1993 ж. 12 қаңтардағы № 31 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы № 140 Қаулысымен күші жойылды

Қуғын-сүргiн кезеңiнде бұрынғы Кеңес Одағының түрлi аймақтарынан күштеп көшiрiлген халықтар жөнiнде тарихи әдiлеттiлiктi қалпына келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

Қуғын-сүргiн кезеңiнде Қазақстан Республикасының аумағына күштеп көшiрiлген азаматтардың төлқұжаттары мен азаматтық хал актілеріндегi ұлты туралы жазбаны ерекшелiк ретiнде, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Паспорттар мен азаматтық хал актілеріндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту ережелерiн бекіту туралы" 1992 жылғы 17 тамыздағы № 684 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., № 33, 499-бап) бекітілген Паспорттар мен азаматтық хал актілеріндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту ережелерiне сәйкес арнайы көшiрiлгендерге iшкi iстер органдары берген анықтамалар негiзiнде өзгертуге рұқсат етiлсiн.

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрi






Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом